Қабылданғаны – 30, заңдастырылғаны – 17

Сарыкөл аудандық әкімдігінде екі айдан бері мүлікті заңдастыру бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы жолғы кезеңде 30-дан астам өтініш қыбылданды. Олардың ішінде: тұрғын үй нысаны – 19, тұрғын үй емес –40 және коммерциялық нысан – 2.
Мүлікті заңдастыруАғымдағы жылдың 1 қарашасында 9 өтініш қабылданып, 17 нысан заңдастырылды.  Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру бойынша қабылданған  8 өтініштен бас тартылды. Ал, 13 өтініш комиссия қарауында жатыр. Келіп түскен арыздардың негізгі бөлігі аудан тұрғындары тұрғын үй, шаруашылық құрылыс, сарайларын заңдастыру жайында.
«Сарыкөл ауданы әкімі аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы Жангелді Асқаровтың айтуынша, өкінішке орай, арыз берушілер әрдайым құжаттарының толық нұсқасын көрсете бермейді. Сондықтан, қосымша кеңес өткізіледі. Мұндай көмекті 170 сарыкөлдік алды.  
Жалпы, өтініштерді кері қайтару – бұл толық емес құжаттар пакетінің және ұсынылған құжаттардың ҚР заң талаптарымен сәйкес келмеуі. Сондай-ақ, мүлікті заңдастырудан бас тартудың негізгі себебі – мүлікті заңдастыру тау-кең құрылыс реттемесімен, өрткеқарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен сәйкес келмеуі болып табылады.  
Мүлікті заңдастыру 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓