Бір тәулікте 26 мас жүргізуші ұсталды
Өңірімізде бір тәуліктің ішінде 26 мас жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Шараның бірінші күнінде 3010-нан астам жолда жүру ережесінің бұзылуы фактісі анықталды, — деді ІІД өкілі Әділбек Нұрмахин. — Көлікті мас күйінде басқарған 26 жүргізушіден басқа, 66 адам жылдамдықты асырғаны , 53-і — қауіпсіздік белбеуін тақпағаны 23-і — ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жолда жүру ережесін бұзған 30 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.
Мешіт Ғазиз
Оқылым саны 898