Ауыз су мәселесі толық шешіледі

2025 жылдың соңына дейін ауыл халқының 100%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі есеп беру жиынында айтты.2021 жылы ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұру бойынша 47 жоба іске асырылуда, оларға 15,2 млрд теңге бөлінген.
"Бүгінде өңір "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы көрсеткіштерінің бірі – ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету көрсеткіштерін 6% — ға асыра орындады. 2021 жылғы жоспар бойынша 66% еді, нақты орындалғаны – 73%", — деді А.Мұхамбетов.
2022 жылы жұмыс жалғасады, 2025 жылдың соңына дейін ауыл халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓