Білім саласына 128 млрд теңге бөлінген

Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Бұл туралы есеп беру жиынында облыс әкімі мәлім етті. Биыл білім беру саласына 128,8 млрд теңге бөлінген, бұл 2020 жылдан 11,7% — ға артық.
Осы жылы 6,1 млрд теңге сомасына 85 білім беру объектісі жөнделген. Оның ішінде 4,9 млрд теңгеге 18 күрделі, 1,2 млрд теңгеге 67 ағымдағы қндеу жұмыстары жүргізілген.
Өрттердің алдын алу мақсатында 2 жыл ішінде мектеп ғимараттарынан тыс жерге 60 блок-модульдік қазандық шығарылды.
Негізгі міндеттердің бірі – мектептердің барлық деңгейлерінде ыңғайлы оқу жағдайларын жасау, соның ішінде компьютерлік паркті жаңарту.
Екі жыл ішінде ол 21 мың бірлікпен және 3 мың модем мен Wi-Fi маршрутизаторларымен толықтырылды. Нәтижесінде, оқушылар мен педагогтарды компьютерлермен қамтамасыз ету 100%-ға жетті. Ал 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны 7-ден 4 адамға дейін жақсарды.
"Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 млрд теңге бөлінді. Осылайша, облыс мектептері 302 млн теңгеге спорттық жабдықтармен жарақтандырылды. Оқушы жиһазы 262,2 млн теңгеге жаңартылды. 235,2 млн теңгеге 18 бірлік автокөлік сатып алынды.  38 пән кабинеттері сатып алынды, оның ішінде 13 STEM зертхана (298,1 млн теңге), "Жас маман" бағдарламасы бойынша 7 колледж заманауи жабдықтармен жарақтандырылды", — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, А.Мұхамбетов облыста оқушылардың 64%-ы спорт секцияларында тегін жаттығуға мүмкіндік алғанын айтты.
Биыл кәсіби клубтардың бюджеттерінен 2,0 млрд теңгеден астам қаражат бұқаралық спортты дамытуға қайта бағытталған.
"Қазіргі уақытта 4 мыңнан астам бала жеке спорт секцияларында спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік алды, оның ішінде көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 300-ден астам балаға секциялар айқара есік ашты", — деді облыс әкімі.
Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға облыстық бюджеттен қосымша 200 млн теңге қаржы бөлінген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓