«АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫ – БАС РЕДАКТОРДА

Алматы қаласында «Тәуелсіздік әдебиеті» деген тақырыпта Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті. Алқалы басқосуда Тәуелсіздік мерекесіне орай  соңғы бір жылда ел әдеби өміріндегі атқарылған істер сараланды. Сондай-ақ, 2020 жылғы шыққан әдеби туындылар бойынша Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегерлері анықталды.    
Жеңімпаздардың қатарында «Қостанай таңы» газетінің Директор – Бас редакторы Аязбеков те бар. Бас редакторымызға  сыйлық "Бальзак неге жылады?" атты әдеби көркем сын кітабы үшін берілді. Мәртебелі сыйлықты Қазақстан Жазушылар одағы  басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓