Жаңа балабақша ашылды

Қостанай қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Sweet baby» жекеменшік балабақшасы ашылды. Жаңа нысан қызетімен облыс әкімі А.Мұхамбетов арнайы барып танысты.
Бұл – бизнес пен мемлекеттің бірлескен жобасы. «Sweet baby» ЖШС және оның құрылтайшысы Ахметова Гүлима Сәндібекқызы Ахаң атындағы ҚӨУ және облыстық Білім басқармасымен ынтымақтастықта барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін білім беру кеңістігін құрды.
Балабақша 250 орынға шақталған. Оның 200-не балалар мемлекеттік тапсырыс бойынша орналастырылады. Мұнда мемлекеттік тілде және орысша білім беретін топтар жұмыс істейтін болады. Барлық қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған, Балалардың жан-жақты дамуы үшін бассейн, сенсорика кабинеттері, сонымен қатар түрлі үйірмелер жұмыс істемек.
Балабақшаның өзінде 52 тұрақты жұмыс орны құрылды. Атап айтқанда, олар – тәрбиешілер, мектепке дейінгі білім беру педагогтері және техникалық персонал.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов атап өткендей, педагогтердің ендігі міндеті – әр баланың зердесін ояту, дарыны мен қабілетін ашу, елдің нағыз патриот азаматтарын тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда Қостанай қаласының білім беру жүйесінде 73 балабақша жұмыс істейді, оның 49-ы – жекеменшік. 10 мыңнан астам бала мектепке дейін білім алып жатыр.
 
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓