Ет өндіруді арттырмақ

Қарабалық ауданындағы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Қостанай облысының Индустрияландыру картасына енген «PoultryAgro» ЖШС базасында құс фабрикасын жаңғыртудың инвестициялық жобасын іске асыру. Қазір фабрикада штаттық режимде 12 адам жұмыс істейді, 325 жұмыс орны құрылған. 2021 жылдың наурыз айынан бір тәулік болған балапандар әкеліне бастады. 26 сәуірден бері 1,3 млн құс сойылып, шамамен 3 мың тонна ет алынды. Бұл туралы өңірлік коммункация орталығында өткен брифингте «Poultry-Agro» ЖШС бас директоры Қайрат Маишев баяндады.
— Құстарды әкелу және сою технологияға сәйкес жүзеге асырылады. Серіктестік өнімі сауда маркасына ие, ол облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін шығарылып жатыр. Ет комбинатының сою цехына заманауи жабдықтар сатып алынды. KazakhExport компаниясының серіктесі ретінде етті Ресей Федерациясына шығаруды бастадық. Осындай қысқа мерзімде өнеркәсібіміздің аяғынан тік тұрып кетуіне ықпал жасаған облыс, аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Келер жылдың аяғында жұмыстың жүз пайыз қуаттылығын арттырып, жылына 12,5 мың тонна ет өндіру және қосымша тағы 150 жұмыс орнын құру жоспары тұр. Қазіргі уақытта нысанды су және газбен жабдықтау мәселесі шешілуде, — деді Қ.Маишев.
Мұның сыртында серіктестік құстың жемі үшін егін салуға бел буып отыр. Алға қойған жоспарды орындап, экспорт көлемін арттырып, ең бастысы, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға зор көңіл бөлінбек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓