Жемқорлық жолы кесілді

Қостанай облысында шаруа қожалықтарының басшыларынан 1 миллиардтан астам қаржы жымқыру дерегінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысындағы аумақтық департаменті ауыл шаруашылығы саласындағы алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Азамат Н.Тілеубаев С.Сүлейменовпен және А.Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалығының басшыларына бидай мен арпа сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру жобасын ойластырған.
Н.Тілеубаев және директор А.Шәмшадинов «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуды кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасқан.
Н.Тілеубаев астықты иеленіп, «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС-нің төлем қабілетсіздігін көресететін жалған амалдар жасайды.
Содан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырып, оларды «GrainExport-NS» ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізген.
Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов пен А. Шәмшадинов 5 жылға сотталды.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓