Қоғамдық көлікпен кімдер тегін жүреді?

Қостанайда қаласында қоғамдық көлікпен жүруге жеңілдік алатын азаматтар санаты бекітілген қаулы қала әкімдігінің сайтында жарияланды. 
Қостанай қаласының әкімдігі қаулысымен және қалалық мәслихаттың шешімімен, қоғамдық көліктерде азаматтардың төмендегі санаттары тегін жүре алады:
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  • басқа мемлекет аумағындағы әскери ұрыстардың ардагерлері;
  • ҰОС адрагерлеріне жеңілдік бойынша теңестірілген ардагерлер;
  • кәмелеттік жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" төсбелгілерінің иегерлері немесе "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
  • бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар.
Сондай-ақ, зейнеткерлер мен үшінші топтағы мүгедектер жолақыны 10 теңгеге кем төлейтін болады.
Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жоғарыда көрсетілген азаматтарды тасымалдау шығындарын өтейді. 
Бұл қаулы және шешім ресми жарияланған кейін он күн ішінде күшіне енеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓