Әміре қазыларды жалт қаратты

26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінде барлық төрт тәлімгерді өзіне қаратты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернар Сәдірбаев Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Қазылар алқасымен әңгімеде ол Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін айтты.Қазылар алқасының мүшелері әншінің өнеріне тәнті болып, өз тобына шақырды. Ернар тәлімгерлікке Дима Биланды таңдады.

 

 

Айта кетейік, Әміре бүркеншік атымен өнер көрсететін қазақстандық әнші Ернар Сәдірбаев "Славян базары" эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық байқауында ең жоғары ұпай жинаған болатын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓