Тобыл – чемпион!

Қостанайдың «Тобылы» 2021 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Александр Москаленко баптайтын қостанайлық ұжым біріншіліктің соңғы турында қонақта «Ақжайықты» 0:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, «Тобыл» сырт алаңда ойнаса да, жанкүйерлердің қолдауынсыз қалған жоқ. Қостанайдан арнайы бір автобус барып, чемпиондықты ойыншылармен бірге тойлатты. 
— Екі өңірдің арасы мың шақырымнан асады. Бір тәулік жол жүріп келдік. Енді осы еңбегіміз ақталса болғаны. Біз командаға сенеміз. Ұзақ жылдан кейін чемпиондық атақ Қостанайға қайта оралуы тиіс, — деген еді ойын басында Айбек есімді жанкүйер.
Сонымен, бұл кездесуге «Тобыл» жігіттері тыңғылықты дайындалды. Ойын бастала салысымен шабуылға ден қойып қорғаныста сауатты қимылдады. Кездесудің 28 минутында Асхат Тағыберген алыстан соққан жасады. «Ақжайық» қақпашысы қайтарған допқа бірінші жеткен Игорь Сергеев есеп ашты. Бірінші тайм осы көрсеткішпен аяқталды.
Матчтың екінші бөлігі де Москаленко шәкірттерінің басымдығымен өтті. 60 минутта Асхат Тағыберген тағы да белсенді. Шамамен 25 метр қашықтан тауіп, Премьер-Лигадағы төртінші голының авторы атанды.
Осылайша клуб өз тарихында екінші рет ел чемпионатында топ жарып отыр. Осының алдында қостанайлықтар 2010 жылы алтын медаль иегері атанған болатын. Ал «Астана» күміспен күптелді. 26 турда өз алаңында Түркістанның «Тұранын» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Өткен жылғы ел чемпионы «Қайрат» қоланы қанағат тұтты.
Енді келесі жылы өтетін чемпиондар Лигасының іріктеу турнирінде ел намысын «Тобыл» қорғайды.  
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓