Спортшы мұғалім жүлдемен оралды

Италияның Лидо-ди-Йезоло қалашығында кикбоксингтан өткен әлем чемпионатында қостанайлық спортшы Ариза Сманова жүлде алып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
(А.Сманованың альбомынан)
Ариза бұған дейін 2019 жылы Босния және Герцеговинада болған әлем біріншілігіне қатысқан, бірақ жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Италиядағы чемпионатта бағы жанды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен еді.
— Сербия, Украина спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Ресейден барған спортшыдан жеңілдім. Қола жүлдеге қанағаттанып қалмай, әлі де биіктерді бағындырғым келеді, — дейді Ариза Сманова.
(А.Сманованың альбомынан)
Жүлдегер Қостанайдағы "Сұлтан" спорт клубында жаттығады. Мамандығы – мұғалім. Тобыл қаласында №2 орта мектепте математикадан сабақ береді. Екі баланың анасы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓