Әлемдік рекорд орнатты

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің 3-курс студенті Венгрияда өткен чемпионатта Никита Друца әлемдік рекорд орнатты.21-24 қазан аралығында Будапешт қаласында гір спортынан ҮІІІ әлем чемпионаты және әлем біріншілігі өтті. Жерлесіміз 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасында 2-орынға ие болды. Бұл жүлде "алтынға" бергісіз олжа десе болады. Өйткені ол 24 келілік гірді 151 рет көтеріп, "ұзақ циклді серпе көтеру" жаттығуында әлемдік рекорд орнатты.
Никита өзі оқитын колледждің №1 БЖСМ бапкері Александр Рудевтің қол астында жаттығады. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓