Басқа бәле тілден

Рудный қаласында полицейді балағаттаған ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді. Бұл туралы Рудный қаласының Полиция басқармасы хабарлайды. 
Оқиға қаладағы аулалардың бірінде 26 тамызда болған. Ішімдікке сылқия тойып алған қала тұрғыны қызмет бабындағы тәртіп сақшысына дөрекілік танытып, былапыт сөйлеп, доқ көрсеткен. Бұл факті видеоға жазып алынды.
ҚР ҚК 378-бабына сәйкес, билік өкілін балағаттау 80 АЕК көлемінде айыппұл арқалатуы мүмкін немесе сол көлемге сай келетін түзету жұмысына тартылады, я болмаса 80 сағатқа дейін қоғамдық жүмысқа жегіледі немесе 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. 
Азамат Н. кейінірек тәртіпсіз қылығы үшін кешірім сұрады. Ол қазіргі уақытта пробация қызметіне есепке алынды.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓