Ыбырай оқуларының үздіктері анықталды

Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» атты облыстық байқау өтті.
Байқау мақсаты – ұлы ұстаздың рухани асыл-мұраларын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру. Онлайн форматында өткен сынға 18 — 29 жас аралығындағы 39 үміткер қатысты. 
Қазылар алқасының шешімімен, «Менің пірім – Ыбырай» номинациясында Қостанай қаласының №14 мектебінің мұғалімі А.Аманбаева, «Алтынсарин мұрасының білгірі» номинациясында Арқалық қ. №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Е.Әуезхан, "Ыбырайды оқимын да тоқимын" номинациясында Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы И.Мусинов жеңімпаз атанды. 
Ал жүлделі І орынды Арқалық қ. Б.Майлин атындағы №3 мектептің мұғалімі А.Сәлімжан, ІІ орынды Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қор бөлімінің сектор меңгерушісі С.Мырзабай, ІІІ орынды Сарыкөл ауданының Урицк мектеп-лицейінің мұғалімі Е.Өміртай иеленді.  Байқауға қатысқандардың барлығына сертификат және қатысушылардың арнаулары топтастырылған жинақ кітапшасы табысталды. Номинанттарға диплом және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэттер берілді.
Жүлдегерлер дипломмен,  ыбырайтанушы-ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабымен, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнайы жасалған статуэттермен марапатталды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓