Жерлесімізді қолдайық!

"Жыл тұлғасы" номинациясы бойынша "Жомарт жүрек" сыйлығының облыстық кезеңінде ұзынкөлдік кәсіпкер Болат Қарабаев жеңімпаз атанған еді. Енді ол республикалық кезеңде өңір намысын қорғауда.
Шаруа қожалығының басшысы Болат Жұмашұлы туған ауылы Обағанға үлкен көмек көрсетіп келеді. Ол туралы біздің басылымда бірнеше мақала жарық көрген еді.
Кәсіпкер биыл ауылда жаңа үйлер мен медициналық пункт салып берді. Одан бөлек, тұрғындарға үнемі жан-жақты көмек көрсетіп отыр.
Республикалық кезеңде бақ сынап жатқан жерлесімізге 25-29 қазан аралығында jomartjurek.ruh.kz/p/zhyl-tlasy сілтемесі арқылы дауыс беруге болады.
Марапаттау рәсімі 16 қарашада өтеді. Баршаңызды жерлесімізді қолдауға шақырамыз!
Бұл номинация қоғам мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін барын салған қайырымды жандарға беріледі.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Айгуль:

    Менің жерлесім, сыныптасым, досым Болат Қарабаевтың дәстүрлі де үлгілі өмір жолымен көптен таныспын. Оның туған жеріне деген махаббаты, жерлестеріне деген адалдығы мен сенімі өте зор. Осындай пейілі кең, адамшылығы мол, мейірімді, еңбекқор адам менің жерлесім екеніне мақтанып, оған басымды иемін. Мықты денсаулық тілеймін! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓