Әкім әуежай құрылысын тексерді

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов Қостанай қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."Қазіргі уақытта терминал ғимаратында төбені, еденді және қабырғаны бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Жүк сақтау ғимаратында жаңа галереяның құрылысына орын дайындау үшін кеңейтімдер бөлшектелген, сонымен қатар ғимарат ішіндегі жылыту жүйесін орнату және галереяның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.Келесі жылы іргелес аумақты абаттандыруды аяқтау жоспарлануда", — деп ақпарат берді А.Мұхамбетов.
Жұмыстарға жұмсалатын қаржы көлемі – 911,4 млн теңге. Облыс әкімі негізгі жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырғанын айтады."Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға әуежай қызметін қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетуді, сонымен қатар «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ басшылығына барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және жолаушыларға қызмет көрсету, әуе кемелерін қабылдау және жөнелту бойынша сапалы қызмет көрсетуді тапсырдым", — деп түйіндейді аймақ басшысы.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓