Қазақстанда әркім маңызды!

 

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
 Естеріңізге сала кетейік,  халық санағын өткізу мерзімі 30 қазанға дейін, осыған байланысты жаппай аулаларды аралаудан өтетін санақ персоналына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Назарларыңызға, интервьюерлер жарақтары және өзімен бірге болуы тиіс арнайы атрибуттары: халық санағының символикасы бар көк түсті портфелі, планшеті, сондай-ақ халық санағын жүргізу кезеңінде санақ персоналына берілетін интервьюер куәлігі. Куәлікте статистика органы басшысының қолымен және мөрімен бекітілген интервьюердің фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның қолданылу мерзімі көрсетіледі. Интервьюердің деректерін sanaq.gov.kz сайтында куәлік нөмірі бойынша тексеруге болады.Сонымен қатар, онлайн режим 30 қазанға дейін қолжетімді болады.
Облыс халқын халық санағы барысында белсенді қатысуды, санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруге дайын болуды, сондай-ақ санақ персоналына құрметпен қарауды сұраймыз.
Санақтан өткен әрбір азамат республикалық ауқымдағы үлкен жобаға қатысады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓