500 түп ағаш екті

Арқалықтағы «Жастар саябағына» қаладағы жоғары және кәсіптік оқу орындары жастарының күшімен 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Қаланы абаттандыру — жиі қолға алынып жатқан шара. Кезекті науқандық жұмыстар да жақсы ұйымдастырушылықпен өтті. Еңбекке көтеріңкі леп беру үшін саз әуені толассыз ойнап тұрды.
«Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығының» директоры Амангелді Ахметжановтың мұрындық болуымен ағаш көшеттері арнайы ара — қашықтығы өлшенген жерлерден қазылған шұңқырларға тыңайтқыштары салынып барып отырғызылды. Егілген әр көшеттің түбіне су құйылып, айналасы қоқыстан тазартылды.
— Бұл көшеттерді арнайы Қостанай қаласынан алдырттық. Оның ішінде 250 қайың ағашы және 250 терек ағаштары бар. Өткен аптада да қала мекемелерінің күшімен орталық «Демалыс саябағына» да 500 түп ағаш еккен болатынбыз. Жалпы, биыл қалаға барлығы 2500 ағаш көшеттері егілді,-дейді «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Талғат Жексембин.
Мұрат Жүнісұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓