«Қостанай аруы — 2021» кім?

"Қостанай Аруы — 2021" байқауының жеңімпазы Малика Каримова атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 жастағы бойжеткен Қостанай өңірлік университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 4-курста оқиды. Ол 10 жылдан бері гандболмен кәсіби түрде айналысады, спорт шеберіне үміткер, гандболдан Қазақстан чемпионы.
"Қостанай Аруы" вокалмен айналысады, сұлулық салонында және флорист болып жұмыс істейді. Бойжеткен гүл шоқтарын жасағанды ұнатады.
"Мен БҰҰ-да ізгі ниет елшісі болуды армандаймын. "Қазақстан Аруы" атағы "Әлем аруы" байқауына қатысуға, ізгі ниет елшісі болуға, қайырымдылықпен айналысуға мүмкіндік береді",- деді бойжеткен.
Маликаның университетте оқитын сіңлісі бар, анасы жеке кәсіпкер.
Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көріп, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы — 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓