Онлайн-қызмет қатары көбейді

Ел тұрғындары әлеуметтік маңызы бар 24 қызметті онлайн алады. Олардың басым бөлігі қазақстандықтарға жәрдемақы немесе әлеуметтік көмек тағайындау «Электрондық үкімет» порталында қолжетімді.
«ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтырдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңыздылығын назарға ала отырып, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған тиісті 24 қызметті онлайн форматқа қайтару туралы шешім қабылдады. Енді осы көрсетілетін қызметтердің барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады», – дейді құзырлы сала мамандары.
«Электрондық өтініштер» сервисінің көмегімен: бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, Мүгедектерге кресло-арбалар беру, көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және т.б. сынды қызметтерді алуға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓