Білім саласы – жиын арқауы

Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Бұған дейін осы жылы шеберханалардың жабдықтары «Nur Otan» жобасы бойынша 262 млн теңгеден астам сомаға жаңартылған еді. Жобаның мақсаты – сұранысқа ие 100 мамандық бойынша елдің 180 колледжі бен 20 жоғары оқу орнын жаңарту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Қостанай облысында 220 млн теңгеге құрылыс колледжінің жабдықтары жаңартылды. Кеңес мүшелері жаңартылған шеберханаларды аралап, студенттермен әңгімелесті, олардың жұмыс нәтижелерімен танысты.Отырыста партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары мен облыстық білім басқармасы басшылығының есептері тыңдалды. Негізгі тақырып орта, техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері болды.Білім басқармасы негізгі проблемалардың бірі студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мен қазіргі жатақханалардың ескіргендігі екен атап өтті. Шешім ретінде мәслихат депутаттарына 2022 жылы политехникалық колледж үшін жаңа жатақхана салуға қаражат бөлу ұсынысы айтылды. Кеңес төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Альмира Жансүгірова бұл мәселені қуаттады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓