Жаңа нұсқа талқыланды

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде “Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі”  облыстық семинары өтті. Жиынды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Саналы ұрпақ-2050" қоғамдық қоры, облыстық тілдерді дамыту басқармасы және аталған ЖОО бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, білім бөлімдері мен басқармасының қазақ тілі әдіскерлері, университет оқытушылары қатысты. Семинар барысында «Тілдарын» тідерді оқытудың облыстық орталығының әдіскері, сертификатталған тренер Айнұр Нұрбекова қатысушыларды латын графикасына негізделген жетілдірілген әліпби жобасымен таныстырды. Жаңа нұсқадағы «умлаут», «макрон», «бревис», «седиль», «тильда» диакритикалық белгілердің ерекшеліктері жан-жақты ақпарат берді. Латын әліпбиіне көшірілген түркі халықтарының әліпбиі мен қазақстандық нұсқаға салыстырмалы талдау жүргізілді. Ал белгілі блогер, «Тобыл-Торғай.кз» сайтының атқарушы директоры А.Әмірхамзин танымал әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жобаны ілгерілетудің тәсілдерін баяндап берді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттарберілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓