Тұжырымдама әзірленуде

Қазақстанның Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.
«Министрлік Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік кодексінің» тұжырымдамасын дайындап жатқанын бөлек атап өткім келеді. Тұжырымдама 2022 жылы қабылданады, ал Кодекс 2023 жылы қабылданады деп жоспарлануда», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, Әлеуметтік кодекстің негізгі жаңашылдығы – әлеуметтік қызметті жетілдіру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке тарау қосу.      «Әлеуметтік қызмет моделі жаңартылады. Әлеуметтік қызметкерлерді аккредиттеу және аттестаттау, жан басына қаржыландыру жаңа моделі енгізіледі. Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріледі және тағы басқа іс-шаралар қабылданады», — деді Ерлан Әукенов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓