Із-түссіз жоғалып кетті

Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер із-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы Рустам Ташмағамбетовті іздестіріп жатыр. 
Ол 2021 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 11.00 шамасында мектеп сабағынан шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Рустам Қостанайдағы кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында тұрған.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жедел іздестіру амалдарын жүргізуде. Оған облыстың барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Көмекке еріктілер де қосылды.
Белгілері: бойы – 152 см, азият келбетті, толықша денелі, шашы қысқа қара, көзі қара-қоңыр түсті. Үстіне қою қызыл түсті күрте, көк шалбар, аяғына қарақошқыл түсті туфли киген.
Қандай да бір ақпараты бар адамдарға "102" нөміріне хабарласу сұралады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓