Министрмен ашық диалог

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тобыл өңіріне арнайы іссапармен келді. Министр облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарында, білім ошақтарында болып, педагогтермен кездесті.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен министр Асхат Аймағамбетов ең алдымен жұмыс сапарын облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне тағзым етуден бастады.
Министрдің жұмыс сапары Қостанай ауданындағы Мичурин орта мектебінде жалғасты. Мұнда ұстаздар бірқатар ұсыныстар айтты. Елімізде пандемия салдарынан қашықтан оқуға байланысты білім саласында бірқатар олқылықтардың болғанын, оның орнын қалай толтырып жатқандарын сұрады. Ұстаздар қазір білім ошақтарында сабақ кестесі 45 минуттан болса, сол бес минуты өткен оқу жылындағы сабақтарды қайталауға арнап отырғанын жеткізді.
Бастауыш сынып сабағына кірген Асхат Аймағамбетов оқушылардан мектепке келіп оқыған ұнай ма деп сұрады. Балалар мұғалімнің алдында білмегеніңді сұрап, келіп оқығаннан артық ештеңе жоқ екенін жамырай жеткізіп жатты. Мұнан бөлек мектептің жас мамандарымен кездесіп, жаңартылған білім бағдараламасы туралы ойларын жеткізді.
  Бас ұстаздың Қостанай өңіріне екі күндік сапары жөнінде газетіміздің алдағы санынан толығырақ оқитын боласыздар.
          
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓