Тіркеу уақыты – 2 сағат

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді қостанайлықтар жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркей алады.
Нотариусқа жүгінген клиенттерге жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені туралы растау құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілетін. Көбінесе бұл ипотеканы, кредиттерді, кепілзаттарды және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кідіртуі мүмкін еді.
"Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент өз қалауы бойынша қосымша сомаға нәтижені төлеу сәтінен бастап, екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады. Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер жылжымайтын мүлікті сату саласына да айтарлықтай әсер етеді", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК " КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы.
Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓