Ең төменгі зейнетақы қанша болады?

«Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген.
Заң жобасы бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге болмақ. 6 қазанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отырған құжат жобасында өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері нақтыланған:
— айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
— базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептейтін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.
Жобаның түсіндірме жазбасында бұл құжаттың жобасын қабылдау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру көзделгені айтылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓