COVID-19: +131

17 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 131 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 47, Рудный қ. —  15, Қостанай ауданы – 11, Б.Майлин ауданы – 9, Лисаков қаласы, Денисов және Қарасу аудандарында – 8, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық және Мендықара аудандарында – 5, Жітіқара қ. – 3, Арқалық қ. – 2.
123 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 7 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 126 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 17 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 32 046 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 989.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен  312 860, екінші компонентпен 274 743 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓