Тазалық науқаны

Қостанай академиясының курсанттары халықаралық сенбілікке атсалысты. Бүгін Академияның 30-дан астам курсанты «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясының қатысушылары болды. Науқан қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға, өскелең жас жеткіншектерге сол арқылы үлгі көрсетуге бағытталған. Халықты табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақыру, тәртіпке үйрету – басты мақсат. 
Курсанттар облыс орталығындағы үлкен демалыс орындарының бірі – Гашек көшесіндегі жағалауды қоқыстан тазартты. Мұнда еріктілер, жастар ұйымдары және қала жұртшылығы "Камаз" толы қоқысты сыртқа шығарды.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курс бастығының орынбасары Нұрлан Бақытқалиұлының айтуынша, өзен жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді. Сондықтан ұйымдастырушылар қала тұрғындарын науқанға белсенділік  танытуға ғана емес, қоршаған ортаға үнемі қамқорлықпен қарауға шақырды.
Қаланы көркейтуге бағытталған акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓