Жұмыс табу жолы оңай

Қазір кез келген өңірде жұмысқа орналасу аса қиын емес. Ол үшін жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтарына  хабарлассаңыз жеткілікті. Мамандар сізді тіркеуге қойып, бос вакансияларды ұсынады. Тіпті, үйден шықпай-ақ, «Екбек.кз» сайтына кіріп, түйіндемеңізді қалдырсаңыз, сізге қажетті мамандықтар бойынша жұмыс табылуы әбден мүмкін. Соңғы кезде "Егов" арқылы да тіркеуге болады. Онда тұтас ел бойынша ортақ база жинақталған. «Жалпы, сайттарда  облыс, қала берді республика бойынша бос орындар тізімі жарияланып тұрады. Егер жұмысқа орналасқысы келген адам болса, электронды үкімет порталында тиісті мамандықтар табылады.Мәселен, біздің өңірде жоғары білімді педагогикалық, медициналық мамандықтар жетістпейді. Кәсіби инженерлерге сұраныс бар. Сондай-ақ, электрмен дәнекерлеушілер, ұсталар, токарлар қажет. Қысқасы, жұмыс істеймін деген жанға кәсіп түрі көп. Бәрі адамның өзіне байланысты»,-дейді облыс әкімдігінің жұмыспен қамту, координация және әлеуметтік бағдарламлар басқармасы басшысының орынбасары Аида Хұсайынова.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓