Елге жеңіспен оралды

2 алтын және 5 қола, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы, Қазақстанның әнұраны және Құрмет тұғырындағы бірінші саты – Беларусь Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өткен "А" санатындағы самбо күресінен XXV халықаралық турнирдің қорытындысы осындай.Минск қаласында бірнеше күн бойы әлемнің 11 елінен келген спорттық және жауынгерлік самбодан 300-ге жуық спортшы бақ сынады. ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттары оқу орнының спорттық қоржынын қола медальмен толықтырды. Бірінші күні жауынгерлік самбодан 64 келі салмақ дәрежесінде "Жоғары спорт шеберлігі мектебінің" спортшылары – Бекжан Галибеков пен Нұржан Жұмабеков үшінші орынға ие болды. Спорттық самбодан ауыр салмақта Қостанай қаласының "Жас Динамо" спорт клубының оқушысы Мейрамбек Досаев қола жүлдегер атанды.
 
Турнирде Қостанай Академиясының түлегі, Қостанай облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы, "Жоғары спорт шеберлігі мектебінің" спортшысы Асқар Абдулла өнер көрсетті. Полиция қызметкері жауынгерлік самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға және "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына ие болды.
Екінші күннің қорытындысы бойынша +98 кг ауыр салмақта жауынгерлік самбодан Мейрамбек Досаев қостанайлықтар командасына тағы бір алдын медаль сыйлады.
— Қостанай облысынан келген самбистердің жетістіктері мол, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетті, — дейді ІІМ Ш. Қабылбаева атындағы Қостанай академиясы кафедрасының аға оқытушысы Ержан Қабидоллинов. — Жоғары сынамалы екі медаль және бес қола – тамаша физикалық дайындықтың, жеңіске деген ерік-жігердің көрсеткіші! Біз Отанымызға абыроймен оралдық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓