ЖАТАҚХАНА САЛУДАҒЫ ТИІМДІ ТӘСІЛ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Осы бастаманың жүзеге асыру сәтінен елімізде 9 мың орынға арналған 34 жатақхана іске қосылды.
«Бұл зор мәселені шешу үшін ат салысамын» — деп, ілкімді іске білек сыбана кіріскен инвестор немесе жеке кәсіпкер жатақхананы өз қаражаты есебінен салып, нысанды (жатақхананы) студенттер игілігіне пайдалануға бергеннен кейін мемлекет тарапынан 8 жыл бойы үздіксіз негізде ақша төлемдері жүргізілетін болады.
Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңадан жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК(Алматы қаласы үшін бұл көрсеткіш 144 АЕК), ғимаратты жатақхана ретінде реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК көлемінде қаржы төленеді.
Сондай-ақ, жатақхана салу (реконструкциялау) жобаларын іске асыратын кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырыстан басқа қосымша ұсыныстар бар, олар:
1)«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктік несиелер мөлшерлемесін субсидиялау. Қолдаудың бұл шарасы кәсіпкерлерге қарыздық жүктемені азайтуға және несиені жылдық 6%-бен төлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, несие тарту үшін кепілдік болмаған жағдайда «Даму» қорынан кепілдікті қамтамасыз ететін қосымша  тетіктер де қарастырылған. Бұл – өте оңтайлы тәсіл.
2) Студенттер төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсырысының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың меншік иесі дербес реттейді және ол нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының шынайы шарттарына сәйкес анықталады.
3) Құрылысты салушы немесе ғимаратқа реконструкция жасаушы тарап (меншік иесі) тұрмыстық қызметтер көрсету мақсатында коммерциялық алаңдар жасақтауға құқылы. Олардың негізгі тұтынушылары, әрине, жатақхана тұрғындары болары күмәнсіз.
4) Сонымен қатар, егер белгілі бір тұлға белгілі бір ғимараттың иесі болса, оны реконструкция арқылы жатақхана ретінде пайдалануға бергеннен кейін, ол тұлғаға мемлекеттік тапсырысты алуға болады.
Істің ұтымды бір тұсы – ғимараттың инвестордың меншігінде қалуы.
Жобаға қатысудың біршама шарттары бар, оның бастысы – қолға алған істі ілгері бастыру үшін бастапқы капитал мен жер телімінің болуы. Жер телімі болмаған жағдайда біз оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен бірге жобаны бастамалау немесе консорциум құру жолымен ресурстарды біріктіру арқылы алудың бірқатар тиімді жолдарын ұсынамыз.
Келесі шарт — жатақхана ғимаратының нысанды мақсатта қолданылуы 20 жыл ішінде сақталуы тиіс. Осы тұрғыда, бұл нысанды 20 жыл ішінде банкке кепілге қою немесе сату мүмкіндігі бар, бірақ сатып алушы да аталған мерзім аралығында ғимараттың нысанды қолдануын өзгертпеуі шарт.
Осы тұрғыда жобаға қызығушылық танытқан тұлғалар үшін,2 мысал негізінде (құрылыс және реконструкция жолымен)Үшінші әлеуметтік бастама аясында  пайдалануға берілген жатақханар жөнінде мәлімет ұсына кеткен жөн болар.
  1. Жаңа құрылыс жолымен: М.С. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ университеті» АҚ студенттері үшін – 370 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жатақхана заманауи үлгіде салынған.Жатын орындардан бөлек студенттер қолайлылығы үшін көркем безендірілген коворкинг орталығы және асхана бар. Университет 8 жыл ішінде орналастырылатын мемлекеттік тапсырыс аясында 1 млрд. теңгеден астам  қаражат көлемінде қаржы алады және жатақхана нысаны өз меншіктерінде қалады.Жатақханада ай сайынғы тұру құны – 15 мың теңге. 
    М.С. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ университеті» АҚ жатақханасының ішкі көрінісі
  2.  
  3. Реконструкция жолымен: «Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті»өз оқу орнының студенттері үшін – 500 орындық жатақхананыорын тапшылығын сезінген жастар игілігіне тапсырды. Реконструкциядан өткізілген ғимарат бұрынғы «Тараз» қонақ үйі. Ашық көздерден алынған мәліметтерге сәйкес, еліміздегі қонақ үйлердің орташа толымдылығы 26,4%-дан кем. Университет 8 жыл ішінде орналастырылатын мемлекеттік тапсырыс аясында 550 млн. теңгеден астам  қаражат көлемінде қаржы алады және жатақхана нысаны өз меншіктерінде қалады.Жатақханада ай сайынғы тұру құны – 10 мың теңге. Демек, толымдылығы аз қонақ үйге иелік еткенше, жатақханаға қайта бейімдеу қаржылық тұрғыдан да инвестор үшін әлдеқайда тиімді.
    Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіжатақханасының көрінісі
Жобаға қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға қатысу шарттарымен толық танысу үшін studdom.fincenter.kz сайтына кіру және8 (7172) 695-127, 8 (705) 198-01-01 телефон нөмерлеріне хабарласу қажет. Ал, одан кейінгі қадам – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру керек. (Шарттың үлгі нысаны және оны жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі invest.fincenter.kz telegram-арнасында орналастырылған).
Біз, әрине, мәуелі жемісін берер екіжақты тиімді әріптестікке қашанда мүдделіміз.
 
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓