Кеселмен күрес жалғасады

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетовтің төрағалығымен КВИ таралуына жол бермеужөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.Штаб отырысы барысында Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының әкімдері баяндама жасады. Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы қаралды.  2021 жылғы 1 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында 3 475 рейдтік іс-шара өткізіліп, карантин талаптарын бұзудың 190 дерегі анықталған.
Қазіргі уақытта 652 адам емделу үстінде, инфекциялық кереуеттердің жүктемесі – 38,0%. 
6 қыркүйектегі мәлімет бойынша бірінші компонентпен 303 899 адам вакциналанған, бұл – облыс халқының 60,2%-ы. Екінші компонентпен 257 227 адам немесе халықтың 50,9%-ы екпе алды.
Бүгінде облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 381 535 дозасы және екінші компонентінің 339 637 дозасы жеткізілді. Вакциналауды жүргізуге арнайы оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды.
2021 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, облыста «Ashyq» жобасына қатысуға 4 682 өтінім қабылданған.
"Құрметті облыс тұрғындары, әрқайсыларыңыздан өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілік көрсетіп, КВИ-ге қарсы уақтылы вакцина қабылдауды сұраймын", — деді аймақ басшысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓