Ғылым заңнамасына өзгерістер енгізіледі

Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылым туралы заңнамаға өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.
«Ғылымды дамыту бойынша Мемлекет басшысы өте маңызды тапсырмаларды берді. Бұл бастамалар еліміздің ғалымдарының көптен бері көтеріп жүрген ауқымды проблемаларды шешетін болады. Ол үшін ең алдымен ғылым туралы заңнамаға ағымдағы жылдың соңына дейін қажетті өзгерістерді енгіземіз. Заң жобасы дайын», — деді А. Аймағамбетов.
Олардың негізгілері:
— базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың жалақысын енгізу;
— арнайы іріктеу критерийлері бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарды тікелей қаржыландыру;
— гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту және Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне апелляция институтын енгізу мәселелері шешілетін болады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓