Мінгені министрдің – электркар

Журналистер Әділет министрі Марат Бекетаевтың электрокар мініп жүргенін жария етті. Ведомствоның баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабына сүйенсек, жаңа қызмет көлігінің үнемді екенін және оған тек министр ғана емес, оның орынбасарлары да көшкен."Иә, шын мәнінде, Әділет министрі, сондай-ақ вице — министрлер жақында отандық автоөнеркәсіп шығарған электромобильдерді қызметтік автокөлік ретінде пайдаланады", — деп растады министрліктегілер.
Баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметтік көлікті күтіп ұстау шығындарын азайту және елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына назар аудару туралы тапсырмасы себептердің бірі болғанын атап өтті."Үнемге қатысты айтар болсақ, электромобильдерді пайдалану электр энергиясының шығындарымен салыстырғанда бұрын бензинге бөлінген бюджет қаражатын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Ведомство әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн: республика бойынша 109 қызметтік автокөлік қысқартылды", — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Электрокардың құны, сондай-ақ Әділет министрлігінде бар көліктердің жалпы саны аталған жоқ, бірақ министрдің машинасының суретін ұсынды.
"СарыарқаАвтоПром" ЖШС сайтының мәліметінше, JAC электрокарының құны 15 миллион теңгеден сәл аз.
"Экологияға ұқыпты қарау – жаһандық тренд. Мысалы, Еурокомиссия 2035 жылдан бастап электромобильдерге толық көшуді және Еуроодақ аумағында дәстүрлі жанармаймен жүретін автомобильдер шығаруға тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан астанасындағыдай ірі қалалардың қарқынды қозғалысы қоршаған ортаға барынша аз әсер ету үшін инновациялық шешімдерді талап етеді. Сондықтан біз өз таңдауымызды отандық электромобильдердің пайдасына жасадық", — деп толықтырды министрлік.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓