Несие төлеу мерзімі ұзартылды

"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ қаржы институттары алдындағы кредиттік міндеттемелерді өтеуді ұзарту туралы ұсыныс шілде айында Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте айтылған еді. Фермерлер ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болып, мемлекеттен көмек сұраған. Өтініш қабыл етілді. Бұл туралы Қостанай кәсіпкерлер палатасы хабарлады."Ұсыныстарды біз "Атамекен" ҰКП орталық аппаратына жолдадық. Олардың екеуіне қатысты оң шешім шығарылды. Атап айтқанда, олар – "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ қаржы институттары алдындағы кредиттердің мерзімін ұзарту және "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ-на форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалуын ұзарту. Қазір жергілікті атқарушы органдар осы мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланғысы келетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін жасап жатыр", — деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасының АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.
Естеріңізге сала кетейік, қостанайлық азаматтардың қалған ұсыныстары қатарында – инвестициялық субсидиялау бағдарламалары бойынша қосымша бюджет қаражатын бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері мен лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, форвардтық, сондай-ақ келісімшарттық сатып алу арқылы "Азық-түлік корпорациясы" АҚ сатып алатын дақылдар тізбесіне жемшөп дақылдарын қосу және басқалары бар.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓