AlemPay: шығын келер аптада өтеледі

Соңғы екі күн бойы қостанайлық тұрғындар электронды жолақы төлеу жүйесіндегі ақауға байланысты шағымдарымен жергілікті БАҚ-қа жүгініп, әлеуметтік желілерге жазбалар қалдырып жатты. Біздің редакцияға хабарласқан оқырмандар да аз болған жоқ. Олар да бұл түсінбестікке жауап алып беруімізді сұрады.  "AlemPay" ЖШС Қостанайдағы филиалы осы мәселеге байланысты ақпарат берді.
"Электронды жүйенің алгоритмі бұзылды. Нақтысында, бұл – AlemPay жүйесінің қызметіндегі ақау. Салдарынан адамдардың шотынан қате транзакциялар шегеріле бастаған, бұл бір жұмыс күніне жалғасты. Бүгінде ақпарат жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол шамамен 1-3 жұмыс күніне жалғасуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, Қостанай филиалының базасын қалыптастырыу керек. Мұндай көп сомадағы шығынға соқтырған көлемді ақау бірінші рет болып отыр, бірақ жолаушылар картасынан қателікпен ұсталған барлық ақша қайтарылады", — дейді "AlemPay" ЖШС ҚФ директоры Сағадат Ниязбаев.
Директордың айтуынша, бұған уақыт қажет, себебі ақпараттарды жүйелеу керек. Нақтысында, келесі аптада жәбірленушілердің барлық шығыны өтеледі. Ол екінші деңгейлі бактер арқылы жүзеге аспақ.  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓