«Меzzо» үздік үштікте (бейне)

Қазіргі уақытта РФ Сочи қаласында "Жаңа толқын — 2021" жас орындаушылардың халықаралық байқауы өтуде. Беделді сында Қазақстан намысын "Меzzо" тобы қорғап жатыр. Айта кетерлігі, осы танымал квартеттің құрамында қостанайлық Жасұлан Сыдықов (тенор) бар.
Байқаудың екі айналымы артта қалды. Алғашқы күні барлық қатысушы әлемдік хиттарды орындады. Қазақстандық топ әйгілі әнші Мэрайа Керидің "Without you" әнін шырқады. Әлем тыңдарманына сіңісті болып кеткен туындыға "Меzzо" жігіттері өзгеше реңк бере түскендей. Жерлестеріміз бұл әнмен 86 балл алып, Армениядан келген қатысушыдан кейінгі екінші орынды иеленді.
 
 
Байқаудың екінші күні берілген тапсырма бойынша, әр үміткер өз елінің хитын паш етуі тиіс-тін. Біздің жігіттер Батырхан Шүкеновтің "Жаңбыр" ("Дождь") әнін таңдады. Екі күннің нәтижесіне сәйкес, "Меzzо" тобы үздік үштікті түйіндеп тұр. Қоржындарында – 170 ұпай.
 
 
Бүгін байқау үміткерлері үшінші кезеңде сынға түспек. Шешуші айналым ертең эфирден көрсетіледі. Биыл «Новая волна – 2021» финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлдеге таласады.
Айта кетейік, "Жаңа толқын — 2021" байқауының қазылары құрамында ел мақтанышы, миллиондардың сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов бар. Сондай-ақ, қатысушыларға Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Артик-Асти, Леонид Агутин, Дима Билан төрелік етіп жатыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓