Кезек неге күрт көбейді?

23 тамыздан бастап қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды міндетті брондаусыз қабылдай бастады. Электрондық кезек уақытын күтпестен орталыққа жүгіну мүмкіндігі клиенттер санының күрт өсуіне әсер етті.
«Азаматтарға арналған үкімет» клиенттерден шұғыл қажеттілік болмаса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудан бас тартуды сұрайды. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 645 түрі (мемлекеттік тізілімде барлығы 690 қызмет) электронды түрде қолжетімді, клиенттер оларды egov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, @kenes1414bot телеграм боты арқылы өз бетінше ала алады.
«Біз міндетті брондауды алып тастауға байланысты азаматтардың көптеп келетінін болжаған болатынбыз. Дүйсенбі – міндетті брондау жүйесіне дейін де халық көп келетін қауырт күн болған. Қазір біздің қызметкерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Біз бүгін келген қызмет алушылардың барлығына қызмет көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ, азаматтардан карантин талаптарын сақтауды сұраймыз. Клиенттердің көпшілігі орталыққа онлайн түрде алуға болатын қызметтер бойынша келген. Сондықтан азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық баламасын пайдалануға шақырамын», – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтердің көпшілігі тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі, сондықтан клиенттер басқа аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына да жүгіне алады. Ashyq жүйесі арқылы мәртебені тексеру тәртібі еш өзгеріссіз қалып отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓