«Алтын белгі» алу шарты қиындайды

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін табыстау талабы күшейеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Тенгри ньюс" тілшісі.
"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін беруталаптары күшейеді. Біз мұны әр жыл сайын кезең-кезеңімен пысықтап келеміз. Сіздер бұл туралы хабардарсыздар. Өткен жылы біз осы мәселені көтерген болатынбыз, бірқатар өзгерістер енгіздік. Биыл осы мәселенің екінші деңгейіне тоқталып отырмыз. Бұл өзгерсіке сәйкес, талапкерде тек қана жыл қорытындысы бойынша бестік баға болмауы керек, 5-11 сынып аралығында әр тоқсан сайын алатын бағасы бестік болуы тиіс. Мінекей, осындай талап енгізіліп отыр және бұл үлкен маңызға ие ереже. Сондықтан осындай шешімге келіп отырмыз", — деді министр. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓