Қыс қыспасын десек…

Биылғы жыл қай жағынан алсақ та оңай болып тұрған жоқ. Ала жаздай жаңбыр тамбай, жер емген диқанның, мал ұстаған малшының да жайы мәз емес. Қыс азығын жинауға кіріскендер биыл шөптің көлемі аз дейді. Тіптен шөп күйіп, өртеніп кеткен аудандар да жетерлік. Бірақ шаруалар қарап отырған жоқ. Алдымен өзін қамтып, артылғанымен бөлісіп жатыр. Бұл – алдағы қыстан аман шығудың бір амалы, қысылғанға көмек қолын созу. "Биыл шөптің көлемі аз. Жаз ерекше ыстық болды. Қазір өзімізге тиесілі шабындықтың 70 пайызын шауып алдық. Бәрін жинап алған соң барлығына апарып, түсіріп береміз. Зейнеткерлерге жеңілдікпен беріледі Алдымен ауылдықтарды қамтып алуды ойлап отырмыз. Тоннасын 8-10 мыңнан беріп жатырмыз. Одан қымбат болмайды. Биылғы жағдайға қарай бүгін Денисов ауданына көмек болсын деп 13 тонна шөпті артып жіберіп жатырмыз. Мұндай шақта бірікпесе болмайды", — дейді «Шолақсай-1» ЖШС директоры Мәди Ихтиляпов.Бұл шөп Денисов ауданының аз қамтылған отбасыларына арналған. Осылайша Науырзымда алғашқылардың бірі болып Шолақсай шаруашылығы барымен бөлісіп, қыстан қысылмай шықсын деп қиындықты бірге еңсеруде.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓