Вакцина – ең тиімді тәсіл

Қауіпті індетке тосқауыл бұл – вакцина. Өңіріміздегі ең ірі кәсіпорын қызметкерлері жаппай вакцина салдыруда. Ондағы мақсат – ұжымдық иммунитетті арттырып,  коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап "СарыарқаАвтоПром" ЖШС автомобиль зауытымен кәсіпорын қызметкерлерін ерікті вакцинациялау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда зауытта 1700-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың 790-ы жалпыға бірдей вакцинация науқанына қатысқан. Оның ішінде 514 зауыт қызметкері вакцинаның екі компонентімен де егілді.
Вакцинация өндірістен қол үзбей, қалалық емханалардың медицина қызметкерлерін шақырумен жүргізілген.
Аталмыш кәсіпорында вакцина алғандардың бірі  – бояу цехы дайындық жұмыстарының сырлаушысы Наталья Чащина. Ол індеттен құтылудың ең тиімді тәсілі вакцина екенін айтады.
–Мен вакцина салдыру өте маңызды деп санаймын. Адам өз денсаулығына жауапты болу керек. Ең алдымен бұл әр адамның, әр азаматтың жауапкершілігі. Вакцина – коронавирустан қорғайтың жалғыз тәсіл, – дейді ол.  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓