Шекара бұзушылар ұсталды

28 шілдеде Қостанай облысы Департаментінің шекарашылары бір күнде екі шекара бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.Бірінші жағдай. «Желқуар» бөлімшесінің шекара жасағы түнгі уақытта мемлекеттік шекараға қарай бет алған белгісіз адамды байқап қалып, тәртіп бұзушының соңына түсе бастайды. Шекара бөлімшесінен көмекке келген «дабыл тобымен» бірге мемлекеттік шекарадан 12 метр қашықтықта Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады.
Екінші жағдай. «Тобыл» (темір жол) шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері түнгі уақытта Ресейден келген пойызды тексеру барысында біздің елге заңсыз кіруге тырысқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Аталған азамат жүк пойызы вагондарының біріне жасырынған.
Екі жағдайда да көрші елдердің азаматтары шекарадан заңсыз өтуді көздеп, пиғылдарын тәуліктің қараңғы уақытында жүзеге асыруды жоспарлаған.
Шекарашылар ел шетін күніне 24 сағат және аптасына жеті күн бойы қырағылықпен күзетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓