«Даму-Аймақтар»: шағын және орта бизнеске жол

Біз «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша қандай да бір банкке қаржы салғанымызды жиі хабарлаймыз.
  • Бұл қандай бағдарлама?
  • Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бағдарлама мақсаты – ҚР өңірлерінде экономиканың басым салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
  • Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері.
  • Кімдер қатыса алмайды:
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар;
  • моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер;
  • ойын бизнесіндегілер;
  • Бағдарлама шарттары:
  • Максимал сома – 750 млн теңгеге дейін;
  • Пайызы – жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар.
  • Мерзімі: инвестицияға 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін.
  • Қалай алуға болады: кәсіпкер банкке өтініш береді.
  • Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банкте әртүрлі (банктің қалауы). Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.
  • Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары.
  • Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408 нөміріне хабарласып, damu.kz сайтынан қарап немесе «Даму» Қорының өзіңіз тұратын қаладағы филиалына келіп, менеджерлерден білуге болады.
  • «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓