42 жемқор құрықталған

Жарты жылда Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 42 қылмыс тіркелген. Бұл туралы "Antikor.LIVE" жобасы аясындағы тікелей эфир кезінде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтты.
Осы жылдың 6 айында аталған департамент әшкере еткен 42 қылмыстың 39-ы – сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Өткен жылы осы мерзімде 86 қылмыс анықталған, оның 73-і сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды.
Біздің аймақта қылмыстық істі жүргізу бөлігінде негативті көрсеткіштердің төмендеу тенденциясы байқалады, — деді Қуаныш Бекбасов. — Қылмыстық жауапкершілікке 22 адам тартылды, оның ішінде түрлі деңгейдегі 7 басшы бар. Ал өткен жылы  5 басшы жауапкершілікке тартылған болатын. Сонымен бірге залалды өтеу екі есеге көбейді. Атап айтсақ, өткен жылы ол 330 млн теңгені құраса, осы жылы 706 млн теңгеге жетті.
Басшының айтуынша, мұндай нәтижеге кең ауқымды алдын алу жұмыстарының, сыртқы және ішкі сараптамалардың, жемқорлыққа қарсы мониторигтердің, сондай-ақ ұжыммен кездесу форматындағы түсіндірме жұмыстарының арқасында қол жетіп отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓