213 адам жұқтырды

27 шілдеде Қостанай облысында коронавирус 213 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. — 82, Рудный қ. — 35, Арқалық қ. – 21, Әулиекөл ауданы — 19, Б.Майлин ауданы – 18, Лисаков қ. – 14, Қостанай ауданы – 9, Федоров ауданы – 6, Денисов ауданы – 3, Қарасу және Мендықара аудандарында 2 – ден, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында – 1.
181 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 30 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай стационарға емдеуге жатқызар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 188 адамда ауру белгілері болды, 25 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 27 шілде аралығында COVID-19-ды 19 800 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 17 959.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓