80 көше жөнделеді

Аймақ басшысы А.Мұхамбетов Қостанай қаласын аралау барысында аулалар мен көшелерді жөндеу жұмыстарын тексерді. Облыс әкімі бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."Биыл 1,0 млрд теңге сомасына 65 кварталішілік аумақтар жөнделді. Жалпы көлемнің 60% жұмыстар орындалды. Жөндеу аяқталғаннан кейін аула аумақтары отбасылық демалыс және спортпен шұғылдану үшін анағұрлым ыңғайлы және тартымды болуы тиіс", — деп жазады А.Мұхамбетов.Сондай-ақ, ол қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Биыл 3,3 млрд теңгеге 80 көшені жөндеу жоспарлануда. Оның ішінде 15 көше фрезерлеу әдісімен орташа деңгейде жөнделіп, 65 көше ресайклерлеу әдісімен қалпына келтірілмек. Бүгінге дейін қаланың 53 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталған.Аймақ басшысы тексеріс жұмыстарының соңында Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж. Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓