Бұл сайлаудың маңызы жоғары

Еліміздің тарихында ауыл тұрғындарына ауыл әкімдерін тікелей сайлауға алғаш рет мүмкіндік беріліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау қажеттігін айтқан болатын. Сол бастама бүгін жүзеге асып отыр.
Бұл сайлау – еліміздің демократиялық тұрғысынан қарағанда өте маңызды жасалып жатқан қадам. Өйткені бұл жерде үш маңызды бағыт бар. Біріншісі, әкімдер халыққа өзінің ұсынған бағдарламасымен жақындай түсуде. Халықтың мүддесін қорғап, елдің барлық проблемаларын, мәселелерін зерттеп, соған сай өз бағдарламаларын құрып, ұсынып отыр. Сайланатын ауыл әкім­дерінен де жергілікті жұрт­шылық жақсы бастама мен жоғары нәтиже күтетіні аян. Екіншіден, халық даусының, сайлаудың маңыздылығын ұғындық. Үшіншісі, әрине, байқаушылардың жұмысы. Азаматтық тұрғыдан белсенді біздің байқаушыларымыз бұл процеске жәй ғана қатысып қоймай, сонымен қатар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, заңнама тұрғысынан өздерін дамыту үстінде.
Сондықтан бұл сайлау процесі еліміз үшін өте маңызды. Бүгінгі 65 сайлау округінде 400-ге таман облысымыздың партиялық емес байқау орталығының Қостанай облыстық филиалының мүшелері қатысу үстінде. Сондай-ақ, осы орталықтың атынан сайлаудың ашық және тәуелсіз өтуіне өз үлесін қосуда.  
Болат Қалиев,
сайлауды партиялық емес байқау орталығының
Қостанай облыстық филиалының төрағасы.     

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓