Талап тағы күшейтілді

12 шілде күні өткен ведомствоаралық комиссия отырысында "қызыл аймақта" орналасқан өңірлер үшін шектеу іс-шараларын күшейту туралы айтылған еді. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Құрбан айт мерекесін онлайн форматта өткізу керегін мәлімдеген.
Облыста КВИ ауруының күрт өсуіне байланысты, жедел штабтың ұсынысымен шектеу шараларын күшейту жөнінде шыққан Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына мына тармақтар қосылды:
"1. Демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын:
— саяжай маршруттарын қоспағанда, қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы;
— қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы. (Жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін. "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер қызметін тоқтатпай, сағат 20:00-ге дейін істейді);
— "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, ауданы 2000 шаршы метрден асатын объектілердің, оның ішінде азық-түліктен басқа тауарларды сататын СОО-ның жұмысы. Азық-түлік сатпайтын сауда орындарының жұмыс тәртібі 18:00-ге дейін;
— азық-түлік және басқа тауарлар сататын базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысы;
— "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, жабық спорт нысандары, термопарк жұмысы. Жұмыс уақыты сағат 20:00-ге дейін.
2. "Құрбан айт" мерекесін онлайн форматта өткізу.
3. Аквапарктар жұмысы тоқтатылады".

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓